10
апрель
2025
“Ресурста бол: soft skills және психологиялық комфорт” тақырыбында тренинг
10.04.2025 жылы Семей қаласының Шәкәрім университетінің психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, псх.ғ.к. О. Г. Беленко, қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы Н.Б. Серикбаева Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 8-сынып оқушыларына “Ресурста бол: soft skills және психологиялық комфорт” тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг оқушыларға психологиялық комфортты жағдай жасау арқылы soft skills дағдыларын дамыту, тиімді қарым-қатынас дағдыларын және эмоционалдық интеллектті жақсарту, өз эмоцияларын басқаруға үйрету, әртүрлі жағдайларға оңай бейімделу мақсатында өткізілді. Тренинг практикалық жаттығулармен, топтық жұмыстармен және рөлдік ойындармен өтті. Интерактивті түрде оқушылар өз-өзін реттеу әдістерімен, белсенді тыңдау техникасымен танысып, эмоцияларын тануға және білдіруге үйренді. Жаттығулар тек жеке қасиеттерді дамытуға ғана емес, сонымен қатар ұжымдағы өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға да бағытталды. Шара жылы және сенімді атмосферада аяқталды
Тренинг Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті гранттық қаржыландыру шеңберінде «BR24992828 - Орта білім жағдайында психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тұғырлары мен механизмдері» тақырыбында мемлекеттік тапсырысты орындау аясында ұйымдастырылды.