16
апрель
2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар...» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының мектепішілік кезеңі
2025 жылы сәуірдің 16- сы күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Сіздер біздің мәңгі жадымыздасыздар...» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының мектепішілік кезеңі, 2-5 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысушылардан: шығарманы таңдау, сөйлеу мәнері мен анықтығы, тіл тазалығы, актерлік шеберлігі, сахналық мәдениеті, орындаушының сыртқы түрі, көркем шығарманың образдық және мағыналық құрылымын ашу талап етілді. Байқаудың мақсаты: оқушыларды рухани-адамгершілікке, патриотизмге, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау болды Байқауға 15 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша 4 “В” сынып оқушысы Сәбит Ерәділ жеңімпаз атанып, қалалық кезеңге жолдама алды. 


