21
апрель
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған мұғалімдер арасында гимназияішілік волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, гимназиямызда Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған мұғалімдер арасында гимназияішілік волейбол жарысы ұйымдастырылды. Бұл бастама мұғалімдердің патриоттық рухтарын оятуға, ардагерлер ерлігін ұлықтауға және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған. Әр командаға батыр аталарымыздың есімдері беріліп, патриоттық сипаттағы ұрандары айтылды.
Бастауыш пәндері бірлестігі «Бауыржан Момышұлы», ағылшын пән бірлестігі « Рахымжан Қошқарбаев» , МИФ және қазақ тілі пәндері бірлестігі « Әлия Молдағұлова», дене шынықтыру және өнер пән бірлестігі « Қасым Қайсенов», жаратылыстану пәндері бірлестігі « Мәншүк Мәметова», тарих және орыс тілі пәндері бірлестігі « Талғат Бигельдинов» есімдерімен аталып батырларымыздың рухы жеңіске ынталандырды.
Салтанатты ашылу сәтінде алдымен «Менің Қазақстаным» — Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. Гимназиямыздың директоры Муканова Нұргүл Құлжағазықызы жарысқа қатысушыларды жанкүйелерді құттықтай отырып, командаларға сәттілік тіледі.
Бірлестіктер арасында жақсы ойын көрсеткен командаларға гимназияның ауыспалы кубогы, дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды. I- орын иеленген « МИФ және қазақтілі» пәндер бірлестігінің « Әлия Молдағұлова» атындағы командасы гимназиямыздың ауыспалы кубогымен, дипломмен және 50000 теңге сертификатымен марапатталды. Сондай –ақ, II – орын иеленген « жаратылыстану» пәндері бірлестігі « Мәншүк Мәметова» атындағы командасы кубокпен , II дәрежелі дипломмен 30000 теңге сертификатымен, III- орын иеленген « бастауыш» пәндер бірлестігінің «Бауыржан Момышұлы» атындағы командасы кубокпен , III дәрежелі дипломмен және 20000 теңге сертификатымен марапатталды. Ойын барысында , шапшаңдығымен, белсенділігімен жекелей көзге түскен ойыншыларға номинациялар мен және жекелей сыйлықтар табысталды.Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз!