24
апрель
2025
«Нағыз жетістік-өз жолыңды табу» тақырыбы аясында өтіп жатқан МИФ кафедрасының пәндері апталығының аясында «ІТ-келешегі кемел сала» атты стендтің ашылу салтанаты болды.
2025 жылы сәуірдің 24-і күні «Нағыз жетістік-өз жолыңды табу» тақырыбы аясында өтіп жатқан МИФ кафедрасының пәндері апталығының аясында «ІТ-келешегі кемел сала» атты стендтің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында гимназияның ІТ саласындағы халықаралық, республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орын алып жүрген үлкен, орта және кіші топтағы командалары өз жетістіктерімен бөлісті. №3 білім беру округының жұмыс жоспарына сәйкес «Робобалапан» кейсімен құрылған бастауыш сынып білім алушыларынан құрылған кіші «Шаңырақ» командасы өз жұмыстарымен таныстырды. Ашылу салтанатына №3 білім беру округіне қарасты №8 «Балбөбек» бөбекжайының әдіскері Г.Акылбаева, педагог-психологы А.Туканова, Ж.Аймауытов атындағы орта мектептің информтика пәні мұғалімі Н.Азимбаева және қалалық білім бөлімінің әдіскері Г. Закирова қатысып, жұмыстармен танысты.





