01
май
2025
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты Семей қаласының Бейбітшілік аралында қала мектептерінің оқушыларының шығармашылық жұмыс көрмесі өткізілді.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты Семей қаласының Бейбітшілік аралында қала мектептерінің оқушыларының шығармашылық жұмыс көрмесі өткізілді. Бұл шара жас дарындардың өнерге, білімге, ізденіске деген талпынысын көрсеткен жарқын көрініс болды. Көрмеге суреттер, қолдан жасалған бұйымдар, ғылыми жобалар мен технологиялық туындылар қойылып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
⠀ Сонымен қатар, көрменің басты сәттерінің бірі —Абай оқулары байқауының жеңімпаздары: Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның 11 «Б» сынып оқушысы 2025 жылдың «Абай оқулары» облыстық кезеңінің жеңімпазы Саменова Ерке және 7 «Б» сынып оқушысы қалалық кезең жеңімпазы Ғалымбекұлы Арсен ұлы ойшылдың жүрекке жетер өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
⠀Облыс әкімі арнайы қатысып, оқушылардың өнерін тамашалап, жастардың талантына жоғары баға берді.
Бұл шара – ел бірлігі мен жас ұрпақтың рухани байлығын дәріптеген тағылымды басқосу болды.