06
май
2025
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!! “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024–2025 оқу жылындағы “#Соңғы_қоңырау” мен #қорытынды_аттестаттау кезеңінде келесі маңызды ережелерді назарларыңызға салады:

‼️ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
❌ Бітіруші 4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау;
❌ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
❌ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
❌ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
❌Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы;
❌ Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.
🎯 МАҚСАТЫ:
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау үшін енгізілді.
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
«Соңғы қоңырау» іс-шарасы кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тек бір ата-ана немесе заңды өкілдің қатысуы талап етіледі. Бұл – кешенді қауіпсіздік шарасының бір бөлігі.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР,
жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды сұраймыз.
📌Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!
📌Кез келген сұрағыңыз болса, біз әрдайым ашықпыз байланыста болайық!