Шәкәрім атындағы №5 мектеп оқушыларына танымдық дәріс өткізді » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шәкәрім атындағы №5 мектеп оқушыларына танымдық дәріс өткізді
14
май
2025

Шәкәрім атындағы №5 мектеп оқушыларына танымдық дәріс өткізді

Alikhan Bokeikhan University ,Абай облысының прокуратурасы және облыс әкімдігі арасындағы ынтымақтастық және қоғамдағы “заң және тәртіп” идеологиясын ілгерілету бойынша Жанаспаев Айбын Дарханович
Абай облыс прокуратурасының басқарма прокуроры мен Алихан Бөкейхан университеттің 3-курс студенті *Асылжан Талгатовна Жумагалиева* Шәкәрім атындағы №5 мектеп оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
Жалпы заң деген не?, ол не үшін қажет? Заң мен тәртіптің байланысы, қазіргі кезде оқушылар арасында қандай құқық бұзушылықтар туындауда, буллинг, есірткі, алаяқтық, ұсақбұзақылық деген тақырыптар қарастырылды.

Шара барысында оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, арнайы *ақпараттық брошюралар* таратылды. Оқушылар дәріске зор қызығушылық танытып, өздерін толғандырған құқықтық сауалдарын қойып, оларға студент-лектор Асылжан тарапынан *қарапайым әрі түсінікті тілде толық жауап* алды.

Дәріс барысында тек теориямен шектеліп қоймай, оқушылар Асылжанның *Google платформасы арқылы арнайы дайындаған тестілеуінен* де белсенді түрде өтті. Кейбір оқушылар әзілмен жауап берді, бұл сабақтың еркін әрі оқушыларға қызықты, түсінікті форматта өткенін аңғартты.

Осы шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, азаматтық жауапкершілік пен заңға деген құрметті қалыптастыруға оң ықпал еткендігіне сенеміз!