16
май
2025
Үздіктер шеруі 2025
16.05 күні “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы” КММ-де “Үздіктер шеруі 2025” тақырыбында қорытынды ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен, жыл бойы білім, ғылым, өнер, спорт салаларынан үздік шыққан оқушылардың жетістіктерімен таныстыру, “Шәкәрім дарындары” шәкіртақысымен барлық саладан да бірдей деңгейде жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау болды. Гимназия директоры Н.К.Муканова сөз кезегінде 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен таныстыра отырып, гимназия оқушыларының, ұстаздарының жетістіктерін айрықша атап өтті, гимназияның сапалық құрамы, сандық құрамы жайлы, гимназияның инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы жұмыстарға есеп берді. Оқушыларды олимпиада, конкурстарда биік шыңдардан көрінуге ынталандыру мақсатында “Бастау” математикалық турнирінің республикалық кезеңінің жеңімпаздары Риза Санжарға, Асқар Абылайға, Талғатов Бекарысқа қамқоршылық кеңес мүшелерінің қолдауымен велосипед түрінде бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай ақ, білім, ғылым, т.б. конкурстардан жеңімпаз атанып жүрген талапты шәкірттерге қолдау көрсету мақсатында арнайы комиссияның шешімімен 14 оқушыға бір реттік шәкіртақы тағайындалып, табысталды. Одан бөлек, екі оқушымызға Семей қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалы ұжымының атынан мәдениет саласының үздігі Кунафин Кадылбек Сайдахметұлы шәкіртақы табыстады. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Байшөкенова оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды ақпараттар мен нұсқаулықтар берді. Өз сөзінде гимназия директоры Н.К. Муканова айтылған мәселелерге назар аударып, жазғы демалыс кезеңінде балалардың амандығы – ортақ міндет екенін атап өтті. Жиналыс өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті. [media=