«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
28
май
2025

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.

2025 жылы мамырдың 16-сы күні Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі 3-4 және 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді. Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына гимназиямыздың облыстық олимпиада кезеңінің жүлдегерлері қатысып, жақсы білім нәтижелерін көрсетті. «Зерделі» ақыл- ой дамыту мектебінің Абай облысы бойынша регионалды директоры Мурзабаев Санжар Арсенұлы 4 «Ә» сынып оқушысы Риза Санжарды жеңісімен құттықтап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, 6- сынып оқушылары Елдосұлы Диас пен Рахан Ажарға сертификаттар табыстады. Сонымен бірге, осы шәкірттерімізді дайындаған ұстаздары Нұрахметова Жанар Борамовна мен Аубакирова Алма Медетовнаға алғыс хат табыстады. Математика пәнінен үздік білім көрсеткен шәкірттеріміз бен оларды дайындаған ұстаздарымызды құттықтаймыз!