13
июнь
2025
13.06.2025ж күні «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ «Сәт сапар, жас түлек!» атты негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру салтанатты жиыны өтті.
13.06.2025ж күні «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ «Сәт сапар, жас түлек!» атты негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру салтанатты жиыны өтті. Іс -шараға 9-сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары қатысты. 9 - сынып негізінде білім ордасын 79 оқушы аяқтады. Оның ішінде 14 оқушы «Үздік атттестат» иегері атанды. Мерекелік шара гимназия директоры Н.К.Муканованың құттықтау сөзімен басталып, күмбірлеген күй үнімен, әсем әнмен жалғасын тапты. Білімімен, үлгілі тәртібімен көзге түскен, қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысқан оқушылар алтын ұя мектебі мен ұстаздарына алғыс айта отырып, жылы лебіздерін білдірді. 2025 жылдың 9 - сынып оқушыларын құттықтаймыз! Сіздерге жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз! 

