06
август
2025
Бүгін гимназиямызға композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Кентау Назарбек пен жары Абылханова Бибігүл Мұратбекқызы арнайы келіп қайтты.
Бүгін гимназиямызға композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Абай елінің құрметті азаматы, Қазақ әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының құрметті профессоры, Семей медицина университетінің құрметті профессоры,Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы вокал және аспаптық бөлiмдерiнiң жетекшісі Кентау Назарбек пен жары Абылханова Бибігүл Мұратбекқызы арнайы келіп, бір кездері өздері қызмет істеген білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. «Абай өлеңі» әнінің авторы, композитор Кентау Назарбек – хакім Абайға арнап ән жазған тұңғыш композитор. Бойына бірі емес бірнеше өнерді сыйдырған сазгердің әндерінің тақырыптары тәлім мен тәрбиеге, бай тағылымға бағытталған. «Баласы жақсы болса..», «Әкешім-Анам», «Сыйласқанға не жетсін!» атты әндері көпшілікке жақсы таныс». Гимназия ұстаздары мен оқушылары композитордың "Ұстаз бен шәкірт " әнін сүйіп орындайды.Алпысқа жуық әннің, соның ішінде халық көкейінен шыққан «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы бүгінде шығармашылық өрлеу шағында. Ел арасында танымал "Семейге кеткім келеді" әні де композитордың туған еліне деген құрметінің белгісі. Тағылымы мен тәлімі мол әндері- жас ұрпаққа үлкен өнеге.