02
октябрь
2025
Ардагер ұстаздарға арналған «Мағыналы ғұмыр» атты тағылымды мерекелік салтанат өтті.
2025 жылғы 1 қазан күні гимназиямызда ардагер ұстаздарға арналған «Мағыналы ғұмыр» атты тағылымды мерекелік салтанат өтті. Бұл шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздардың еңбегін дәріптеу, олардың өнегелі өмір жолын жас буынға үлгі ету болды.
Кеш барысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, ыстық ықылас пен жүрекжарды лебіздер айтылды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін паш етіп, әндер орындап, көріністер қойды.
Мерекелік басқосуға арнайы шақырылған қонақтар:
Абай облысы Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы – Бапышев Бекжан Мейрамбекұлы
Семей қалалық білім бөлімінің басшысы – Асқарова Дидар Асқарқызы
Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Әлин Мұрат Сейсенұлы, орынбасары Жұмағұлова Алмагүл Хасеновна
Абай облысы білім қызметкерлері ардагер ұстаздар кеңесінің төрайымы – Ахметова Мәдениет Медеуханқызы, орынбасары Алтынбекова Гүлжан Қайырханқызы
Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Бердікенов Кенжебай Құсманұлы, орынбасары Игимбаева Татьяна Жекенқызы
Абай облысы ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі – Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы
Абай облысының кәсіподақ ұйымының басшысы – Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы
«Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары оқу орындары қызметкерлерінің кәсіподағы» Абай облыстық ұйымының төрағасы – Ибраев Сабит Молдатьянұлы
Семей қалалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы – Мұсабеков Ербол Әсемханұлы
Кеш соңында қонақтар құттықтау лебіздерін білдіріп, ардагер ұстаздарға марапаттар табыстады.«Мағыналы ғұмыр» атты мерекелік жиын ұстаздарға деген халықтың шексіз құрметі мен алғысының айқын көрінісіне айналып, жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.
https://www.instagram.com/reel/DPS6bPBDCHR/?igsh=MWV5NHQ2MW5qM2tweA==