"Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
11
ноябрь
2025

"Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

7 "Б" сыныбында "Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға теңгенің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, ұлттық валютаның маңызын түсіндіру және оқушылардың елге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін арттыру болды.
Сынып жетекшісі мен оқушылар дайындық жасап, теңге тарихы жайлы бейнематериалдар көрсетілді, презентация ұсынылды. Балалар теңгенің қорғаныш белгілері, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды.
Іс-шара соңында оқушыларға ұлттық валюта туралы сұрақтар қойылып, шағын викторина ұйымдастырылды. Бұл тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық сезімін оятып, қаржылық сауаттылықтарын арттыруға септігін тигізді.
Сынып жетекшісі: Асубаева М.К
https://www.instagram.com/reel/DQ6-VaQjGGb/?igsh=dWsxOGoybDc0Mmh4​​​