14
ноябрь
2025
"Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау" тақырыбындағы ата-аналарға арналған тренинг
2025 жылдың 12 қарашасында гимназиямызда «Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға бала эмоцияларын түсіну, қабылдау және қолдау көрсету жолдарын үйрету болды. Тренинг барысында ата-аналар практикалық жаттығулар орындап, баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді әдістерімен танысты. Қатысушылар бала психологиясы мен отбасы ішіндегі эмоционалды ахуалдың маңыздылығы туралы маңызды ақпараттар алды.