Бастауыш сынып бірлестігінің ашық сабақтары » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2025

Бастауыш сынып бірлестігінің ашық сабақтары

25.11.2025 ж. Бастауыш сынып бірлестігінің ашық сабақтары
🔹3 «В» сыныбында математикадан «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі жұмыс түрлері арқылы білімдерін тереңдетті.
Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, геометриялық түсініктерін өмірмен байланыстырып, нақты мысалдар арқылы дәлелдей алды.
Сынып жетекшісі: Дүйсенбаева Арайлым Мұратқызы
🔹3 "Б" сыныбында математика пәнінен «Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ерекшеліктерін анықтап, катеттерді табуды үйренді.
Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табудың формуласына сүйене отырып, есептеу дағдыларын меңгерді және оны практикалық есептерде қолдана алды. 
Сынып жетекшісі: Оспанова Алия Оралтаевна