Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2025

Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы

Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы 🎄

2025–2026 оқу жылы барысында мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы тәртіп сақтау деңгейі, түрлі конкурс пен челлендждерге қатысу, сондай-ақ мектепішілік іс-шаралардағы белсенділік көрсеткіштерін жүйелі түрде сараптады. Нәтижесінде ауыспалы кубоктың үздік иегерлері анықталды:

🔹 1–4 сыныптар арасында: 3 «А» сыныбы
🔹 5–7 сыныптар арасында: 6 «В» сыныбы
🔹 8–11 сыныптар арасында: 9 «Б» сыныбы

Аталған сыныптар жоғары тәртіп мәдениетін көрсетіп, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін таныта білді. Бұл жетістік — оқушылардың бірлескен еңбегінің, белсенді азаматтық ұстанымының және мектеп өміріне деген қызығушылығының айқын дәлелі.

🎉 Өзін-өзі басқару ұйымының Жаңа жылдық құттықтауы:
Өзін-өзі басқару ұйымы барлық оқушыларды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл — жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктердің бастауы. Алдағы жылы әр сыныпқа табандылық, шығармашылық белсенділік және жаңа жетістіктер тілейміз.

Ауыспалы кубок — бұл тек марапат қана емес, алға ұмтылуға берілген үлкен мотивация!​https://www.instagram.com/reel/DSvJr1RgH--/?igsh=a283cWx0a2c4cTY2​​​