18
февраль
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы шеңберінде 4 «А» сынып оқушылары ерекше шығармашылық кеш өткізді.
Сынып жетекшісі Уайданова Жанна Муслимовнаның және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен оқушылар балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» әңгімелері желісі бойынша сахналық қойылым көрсетті.
Қойылым барысында оқушылар шығарманың мазмұнын терең түсініп, кейіпкерлер бейнесін шынайы сомдай білді. Балалардың актерлік шеберлігі, сахна мәдениеті және кітапқа деген қызығушылығы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Іс-шараның мақсаты:
– Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
– Көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау;
– Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Бірлесе оқу арқылы сынып ынтымағын нығайту.
Бұл шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың сахналық өнерге деген қызығушылығын да оятты.
📖 Кітап – бала қиялының қанаты, рухани дамудың бастауы!https://www.instagram.com/reel/DU48LkXDO4T/?igsh=NGh5cmE3a3R1eDR6