19
февраль
2026
Шеберлік пен шабыттың жарқын көрінісі
Алматы қаласында өткен "Аламан құрақ" республикалық халықтық жобасы аясында қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнері бойынша әлемдік рекорд орнатуға өңірімізден қатысып, өз үлестерін қосқан құрақшыларға бүгін облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай шеберлерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тіледі. Әр құрақшыға арнайы төсбелгі мен кітап табысталды. Осы марапаттау рәсіміне қатысқан “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназясының” көркем еңбек пәні мұғалімі Джумадилова Сайрамгуль Гимарановнаға ұлттық құндылығымызды ұлықтауға қосқан еңбегіңіз жандана берсін дегіміз келеді. Марапатыңыз құтты болсын!



