02
март
2026
Білім бәйгесіндегі табыс
2026 жылдың 28-ақпанында Шәкәрім университеті, Абай облысының білім басқармасы, ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығы бірлесіп, ардагер ұстаз Рахимбердинова И.М. 85 жылдық мерейтойына арналған Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға Абай облысы бойынша 98 бастауыш сынып ұстаздары мен студенттері қатысты. Гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбаева Арайлым Мұратқызы жүлделі 3-орын иеленді.
