Үзілістегі білім алаңы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2026

Үзілістегі білім алаңы

05.03.2026 күні  тарих пәні апталығы аясындағы “A History Museum Visit” атты үлкен үзілісте гимназия оқушыларына арналған ойын өтті. Дәліз шағын тарихи мұражайға айналды. Тақтаға әйгілі тұлғалардың суреттері ілініп, әр суреттің астына қазақ тілінде тапсырмалар жазылған кестелер орналастырылды. Қоңырау арасында оқушылар суреттерді мұқият қарап, тарихи тұлғаның атын атап, ол туралы екі дерек айтады.
     Тарих пәнінің мұғалімдері “Мұражай жетекшісі” рөлінде оқушылардың жауаптарын тыңдап, бағыт-бағдар беріп тұр. Дәлізде қызығушылық пен белсенділік атмосферасы сезіледі. Оқушылар тапсырмаларды орындап, өз білімдерін көрсетіп, нағыз зерттеуші ретінде уақыт кеңістігіне саяхат жасайды.
      Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи тұлғалар туралы білімін тереңдету, сөйлеу дағдысын дамыту және тарих пәніне қызығушылығын арттыру. Жауапты: тарих пәні мұғалімдері:
Арайлым Сержанқызы
Мединат Кенесбекқызы
Іңкәр Қайратқызы.
https://www.instagram.com/reel/DVgz8xxgAWh/?igsh=bWRkMjA3d2JxZzNj​​​