Кәсіби бағдар беру » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2026

Кәсіби бағдар беру

Гимназиямызға 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжінің өкілдері келіп, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді. Шара барысында колледж мамандары өз оқу орындары туралы кеңінен ақпарат беріп, гуманитарлық, заң және техникалық мамандықтардың болашағы мен мүмкіндіктері жайында айтып өтті.

Кездесу барысында оқушыларға құқық, ақпараттық технология, бағдарламалау, сондай-ақ техникалық бағыттағы мамандықтардың қазіргі қоғамдағы маңызы түсіндірілді. Бұл мамандықтардың артықшылығы – еңбек нарығында сұраныстың жоғары болуы, болашақта тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік беруі және кәсіби тұрғыда дамуға жол ашуы екені айтылды.
Кәсіби бағдар беруші: Акимова А.М.