06
апрель
2026
“Digital Science: табиғат, ғылым және ЖИ” жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің апталығы
06.04. күні гимназиямызда жаратылыстану пәндері әдісбірлестігінің “Digital Science: табиғат, ғылым және жасанды интеллект” атты апталығы басталды. Апталықтың ашылуына орай оқушыларды арнайы қарсы алып, оларға зияткерлік-танымдық тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында жүргізушілер апталықтың маңыздылығына тоқталып, ғылым, табиғат және жасанды интеллекттің өзара байланысын ерекше атап өтті. Қатысушылар алдағы күндері өтетін қызықты тәжірибелер, зияткерлік сайыстар мен түрлі іс-шаралар жоспары туралы ақпарат алды.
Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, цифрлық технологияларды түсінуін дамыту және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Сонымен қатар, жаратылыстану пәндері бойынша жетістікке жеткен оқушылар ортаға шақырылып, олардың еңбектері ерекше атап өтілді.
Алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар оқушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алаңы болмақ.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!