"Даналық мектебі: қыздарға арналған тағылымды кездесу" » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Даналық мектебі: қыздарға арналған тағылымды кездесу"
14
апрель
2026

"Даналық мектебі: қыздарға арналған тағылымды кездесу"

Гимназиямызда 9-10 сынып қыздары арасында “Даналық мектебі” клубының жоспарына сәйкес арнайы “Семей қаласының 2 емханасы””Жас Асыл” Жастар денсаулық орталығының мамандары гинеколог-дәрігерлері мен психолог маманның шақыртуымен  жиналыс өткізілді. 
🔸Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балаларға тәрбие беру, өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру болды.
🔸Кездесу барысында қыздардың қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі, қарым-қатынас әдебі және болашаққа жоспар құру тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және психологиялық қолдау мәселелері де қамтылды.
🔸Жиналыс соңында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу қыздардың өзіндік дамуына және саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етті.
Ұйымдастырушылар:
Нурмухаметова А.А,
Рақымбек Т.Қ,
Тайшигирова А.Н​https://www.instagram.com/reel/DXGpwDqgHIk/?igsh=eHRteG13dWRiaHZ2​​​