МИФ апталығы аясында ашық сабақ » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2026

МИФ апталығы аясында ашық сабақ

20.04.2026 ж. МИФ апталығының аясында 9 «В» сынып оқушыларымен «Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:

– тригонометриялық негізгі тепе-теңдіктерді қайталады;
– өрнектерді ықшамдау және түрлендіру тәсілдерін талдады;
– тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендірудің тиімді жолдарын тәжірибеде қолданды.

Сабақтың мақсатына жету үшін келесі әдістер-тәсілдер қолданылды:

– миға шабуыл әдісі арқылы жаңа тақырыпты ЖИ көмегімен ашу;
– командалық жұмыс;
– жекелеген және жұптық тапсырмалар;
– қорытындылауға арналған «Викторина» әдісі.

Оқушылар сабақ барысында жоғары белсенділік танытып, формулалармен жүйелі жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде тапсырмалар шапшаң әрі сапалы орындалып, сабақ мақсатына толық қол жеткізілді.
Пән мұғалімі: Сағатов М.А.



whatsapp-video-2026-04-21-at-13_44_30.mp4 [7,34 Mb] (cкачиваний: 1)