Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды!
24
апрель
2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды!

2026 жылдың 23 сәуірі күні Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде тарихта тұңғыш рет Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн — кітап әлеміне адал қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі мемлекеттік деңгейде ұлықталған айтулы сәт болды!       Салтанатты рәсім барысында білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосқан әріптестеріміз марапатталды. Министрліктің бұйрығына сәйкес гимназиямыздың кітапханашысы Сакаева Динара Нурбековна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды!
Динара Нұрбековнаны осынау биік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттерді кітапқа баулу жолындағы қажымас еңбегіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз шыңдала берсін.
Кітап пен кітапхананың мәртебесі асқақтай берсін!