04
август
2026
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды!

«Жақсылық жаса – балаға қуаныш сыйла!»
Жаңа оқу жылы – әрбір оқушы үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге бастар маңызды кезең. Алайда әлеуметтік жағдайына байланысты барлық отбасының баласын мектепке толық даярлауға мүмкіндігі бола бермейді. Осындай сәтте жанашырлық пен қолдау көрсету – баршамызға ортақ ізгі міндет.
Осы мақсатта 2026 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау
🎁 Қабылданатын қайырымдылық көмектері:
* мектеп формасы;
* аяқ киім;
* мектеп сөмкесі;
* кеңсе тауарлары;
* дәптерлер мен оқу құралдары;
* спорттық киім және басқа да мектепке қажетті заттар.
📍 Қайырымдылық қабылдау орны:
“Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы” КММ
📞 Байланыс нөмірі: 87057524205
Байшокенова Р.А
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Әрбір жасалған игі іс – бір баланың жүзіндегі қуаныш, оның білімге деген сенімін арттыратын үлкен қолдау. Сіз де осы қайырымдылық акциясына атсалысып, балалардың жарқын болашағына өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
✨ Бірге жақсылық жасап, балалардың білім жолына сенімді қадам жасауына көмектесейік!