ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ – АДАМҒА ҚҰРМЕТ! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2026

ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ – АДАМҒА ҚҰРМЕТ!

2026 жылғы 9 қазанда Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында Еңбек күніне орай кіші қызметкерлерге құрмет көрсетуге арналған ерекше шара өтті.
Гимназия әкімшілігі атынан кіші қызметкерлерге жаңа киімдер табысталды. Ал кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен арнайы тренинг өткізіліп, шағын шай дастарқаны жайылды.

Шараның басты мақсаты – адал еңбекті дәріптеу, еңбек адамын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және әр мамандық иесінің қоғамдағы орнын бағалай білуге тәрбиелеу.

Гимназиямыздың тазалығы мен тәртібін сақтап, оқушылар мен ұстаздарға жайлы орта қалыптастырып жүрген кіші қызметкерлердің еңбегі зор құрметке лайық. Олардың күнделікті атқарып жүрген жұмысы – гимназия өмірінің ажырамас бөлігі.

Осындай игі бастамалар арқылы біз еңбектің қадірін түсініп, адамға деген құрметтің үлкен істерден ғана емес, шынайы ықылас пен қарапайым алғыстан басталатынын көрсеттік.

Құрметті кіші қызметкерлер! Сіздерге адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, әр күндеріңізге қуаныш тілейміз! Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!

Еңбекке құрмет – адамға құрмет! Әр еңбек бағалы, әр еңбек адамы қадірлі!