Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
13
август
2021

Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды


Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары

бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Лауазымы: «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары  - 0,5  бірлік.


Орналасқан жері (мекенжайы): 071410,, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі 38 А  үйі, телефон 8-7222-32-84-54.

 Электрондық пошталық мекен-жайы: vko_semey_GIM5@mail.ru

Негізгі қызметтері: Гимназиядағы оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру мақсатында жұмыстарды  ұйымдастыру, басқару және бақылау.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы


Буын

Саты

Қызмет еткен жылдарына байланысты

лауазымдық жалақы (тенге)

бастап

дейін

А 1

3-1

132993 т

156883 т

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

  • білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жыл жоғары педагогикалық білімі бар немесе мамандығына сәйкес жоғары кәсіби білімі бар;
  • біліктілік санаты педагог эксперт,педагог-зертеуші, педагог-шебер болу керек;
  • мемлекеттік және орыс тілін білу қажет;
  • ақпараттық технология бойынша білімі болуы қажет.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білуге міндеттіҚазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясын Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Цифрлық Қазақстан"білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымдарын цифрландыру, ақпараттандыру,оны ресурстық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады.

Жұмыстың тиісті бағытындағы кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог кадрларды оқытуды ұйымдастырады;

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

Білім беру ұйымдарында цифрландыру процессін қамтамасыз етеді.

Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Санитарлық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Конкурс « «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.


Конкурсқа қатысушы кандидат келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ директорының атына  конкурсқа қатысу туралы өтініш береді (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

- мемлекеттік  тілдегі түйіндеме;

- өмірбаяны жазбаша түрде;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымша) көшірме қағазын;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағын (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

- алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген марапаттар мен тәртіптік жазалар туралы өндірістік мінездемесін;

- медициналық, психиатриялық қарсы айғақтары жоқ немесе наркологиялық есепте тұрмағандығын растайтын қағазын;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық анықтама қағазын;

- сотталмағандығы туралы анықтамасын;

- біліктілігін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариуспен немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Конкурсқа қатысу құжаттары үміткерден қабылданбайды.

       Қосымша, үміткердің кәсіби қызметін растайтын құжаттарды (сілтемелер, анықтамалар, ұсынымдар, портфолио)  ұсынуға рұқсат етіледі.

   Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ шақырылады.


Конкурс мына мекенжайы бойынша өтеді: 071410, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі 38 А  үйі, телефон 8-7222-32-84-54. № 112  кабинет, 

e-mail: vko_semey_gim5@mail.ru


        Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.


Хабарландыру Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ semei-shakarim.mektebi.kz сайтында орналастырылды. 13.08.2021 ж.


Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 13.08.2021 ж., 09.00с.-18.30с.

Құжаттарды аяқтау уақыты мен күні: 28.08.2021 ж., 09.00с.-18.30с.