Егер мен ұланбасы болсам.........................





Іс-шара атауы: Ұланбасы сайлауы
Өтетін уақыты: 11.11-28.11
Сайлау нәтижесін шығару: 02.12.2012
Ұланбасы сайлауының кезеңдері:
1-кезең: Үміткерлердің өтініштерін қабылдау
2-кезең: Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары
3-кезең: Сайлау алды бағдарламаларын қорғау
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының «Жас Ұлан» ұйымы және белсенді оқушылар арасынан Ұланбасы болуға үміткерлер анықталып 3 кезеңнен тұратын Ұланбасы сайлауына қатысты.
ҚР Тұңғыш Президентi күніне қарсы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның Ұланбасы сайлауының қорытындысы шықты. Жалпы барлық дауыстың 42% (162 дауыс)- Жанатбекұлы Нұрбек, 33%(128 дауыс) Серимханова Азиза, 15% (60дауыс)Толеугалиева Мадина өз қанжығасына байлады. Дауыс беру кезінде 10%(35) бланкі түсініксіз және бірнеше кандидатты белгілегендіктен жарамсыз деп танылды. Ұланбасы сайлауы оқушылардың барлық қырларын ашуға мүмкіндік берді. Оқушылар өз бағдарламаларын ұсыну барысында көпшіліктің ойын да алға тартты. Ұланбасына және бірге жұмыс жасайтын командасына үлкен сенім артып, сәттілік тілейміз.