Мектебімізде жаратылыстану пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде жаратылыстану пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі
29
декабрь
2021

Мектебімізде жаратылыстану пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде   санада   сақталып   қалғаны   рас.   Қай   кезде   де   реформаға   тосырқай қарайтын   қоғамның   бұл   алаңдаушылығы   жылдарға   жалғасты.   Себебі   күрделі компоненттерге   құрылған   физика,   химия,   биология,   информатика   пәндерін ағылшын тілінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етеді.  Дамыған   өркениетті   30   елдің   қатарына   қосылу   мақсатында   жүргізіліп отырған «Үш тілде білім алу» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе.   Бұның   мақсаты   –   көп   ұлтты   елімізде   ұлтаралық   татулықты   сақтау, ұлттық мемлекеттік бір тұтастықты қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді негіз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.