Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінде ғылым апталығының ашылуы өтті
Қазіргі жаһандық деңгейдегі ғылым мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында білім мазмұны да өзгеруде. Заманауи білім әлеуеті мектеп табалдырығынан бастап ғылымға бағытталып, ғылымды оқып, танысып, зерттеу жоғары оқу орындарында жалғасын таппақ. «Мектеп-колледж-университет » ынтымақтастығы негізінде ғылымды интреграциялауда «ҮШТІК» одақ құрамында ғылымда қол жеткізген нәтижелерімізбен бөлісу мақсатында Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның жас ғалымдары сәуір айының 12 жұлдызында Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінде ғылым апталығының ашылуына орай ғылым жетістіктерінің көрмесіне қатысты. Көрмеде оқушылар ғылым саласында зерттеп жүрген жобалары,ашқан жаңалықтарымен бөлісті. Көрмеге қатысушыларды 3-сынып оқушылары Руслан Салауат пен Серік Айсұлтанның «Семейдегі туристік орындардың маршруттық картасын сызу » жобасы (жетекшілері Қабдолллина Ш.Ө. Бектемірова Г.Ж.) мен 2-сынып оқушылары Кәдірбек Абылқайыр , Өміржан Аружанның «Тұрмыс қалдықтарынан кеме жасау» ( жетекшілері Сексенбаева С.К, Муканова Н.К) жобалары қызықтырды. Мектеп Шәкәрім атындағы білім ордасымен ортақ байланыс орнату барысында меморандумға отырған болатын.Келешекте ғылым саласындағы зерттеу, ізденіс жұмыстарын университетпен ынтымақтастықта атқару жоспарлануда.

