21
апрель
2022
"Birge! Taza Qazaqstan" акциясы аясында мектебіміздің ауласына ағаш көшеттері отырғызылды
21.04.2022ж. "Birge! Taza Qazaqstan" акциясы аясында мектебіміздің ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияның басты мақсаты-балаларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды баулу.
Мектеп парламентінің мүшелері ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті.
Жалпы, мектеп ауласына егілген 12 қарағайды алдағы уақытта өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары күтіп-баптайды. Балапан қарағайлар мектеп айналасын жасыл желекке бөлеп, білім ұясының ажарын аша түсті.