6«ә» сынып оқушылары Семей қаласындағы Төтенше жағдай басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөліміндегі музейге экскурсияға барып қайтты
27.04.2022 жылы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ-нің 6«ә» сынып оқушылары Семей қаласындағы Төтенше жағдай басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөліміндегі музейге экскурсияға барып қайтты.
Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін және өзгелерді қорғай білуге машықтандыру. Сол мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін ояту, мамандық иелерін құрметтеу.
Музей меңгерушісі Фархат Еркимбев балаларды музейдің құнды жәдігерлерімен таныстырды. Музейдің әр бұрышы тарихтан сыр шертеді. Басқа музейлерден ерекшелігі жәдігерлерді қолмен ұстап көруге болатындығы балалардың қызығушылығын тудырды. Балаларға 50-дей мемлекеттен әкелінген каскалар топтамасы ерекше қызық болды. Төтенше жағдайда іске қосылатын техникалық көліктерді оқушылар өз көздерімен көріп, қызметімен танысты. Сонымен қатар, бөлімшеде балаларға арналған үйірменің жұмыс жасайтындығы туралы хабарлама берді. Экскурсия соңында «Өрт- тілісіз жау» және әр қашан қауіпсіздік ережесін естен шығарму керектігін ескертті. Балалар осындай қызықты мағлұматтармен таныстырған Ф. Еркимбаевқа ризашылықтарын айтты.
Сынып жетекшісі: Толеуова Ш.А.




