Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың кездесуі өтті
Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады.Қоғамның дамуы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.Олар әрқашан бірге жүреді. Қоғам дамуына әр адам өз үлесін қоса алатындай ғылымның дамуына да үлес қосатын –келешек жас дарындарымыз.Биылғы балалар жылында талапты да талантты балалардың дарынын ашуда облыс бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
4 мамыр күні Өскемен қаласында республикалық , әлемдік деңгейде облысымыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болған дарынды балалармен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың кездесуі өтті.Еркін форматта өткен кездесуге Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы С.А. Жумадилова қатысты. Кездесуге Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушылары ,республикалық"Зерде"ғылыми -зерттеу жұмыстары конкурсының 1орын жүлдегерлері Ғарифолла Адия, Қадырбек Серікжан қатысып,облыс әкімінің Грамотасы мен 100 000 теңгенің сертификатын иеленді . Ғарифолла Адия өз жұмысы туралы ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ой-пікірімен бөлісті.Оқушылар өздерінің айналысып жүрген ғылыми жұмыстарының нәтижесін көре бастағаны қуанышты.. Осындай кездесулер келешекте жалғасын тауып, дарынды балалардың биік тұғырларды бағындыруына талпыныс беретініне сенімдіміз.



