Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп Жазғы каникулда" атты іс шара өткізілді » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп Жазғы каникулда" атты іс шара өткізілді
03
июнь
2022

Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп Жазғы каникулда" атты іс шара өткізілді





2022 жылдың 02 маусымы күні мектебімізде Оқуға құштар мектеп жазғы каникулда атты іс шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты балалардың жазғы уақытта кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. 

Әсіресе, ұмыт бола бастаған дәстүрді жаңғырту, отбасында баламен қарым-қатынас жасап, әжеміздің ертегілерін айтуы т.б. жұмыстар жүргізілді. Оған барлық сынып оқушылары белсене қатысты.   Сонымен қатар, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтасын ояту, классик және балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау мақсатында және оқушылардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз өткізу үшін кітап оқуға ынталандырып мақсатында осы іс-шара өткізілді.
 «Каникулда кітап оқимыз» марафонына әр сыныптың қатысуы ұйымдастырылды.  

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу, аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен әжелердің ертегілерін тыңдап, әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білімнің ерекше екеніне ешкімнің дауы болмайтынын білеміз.
 «Кітап – адамның өмірлік серігі» деген қағиданы үнемі жадымызда сақтасақ, болашақ ұрпағымыз биіктерден көрініп, еліміздің дами беретініне сенімім мол.