13
ноябрь
2018
Абадилова Айжан Кайроллиновна

Абадилова Айжан Кайроллиновна 1967 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1993 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1993-1997 жылдары Шар ауданы, Белтерек ауылының М. Қажыгелді атындағы ЖББО мектепте, 1997-2006 жылдары №35 мектепте, 2006 жылдың сәуір айынан «Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
«Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосқаны үшін Алғыс хат, дипломдармен марапатталған.