13
ноябрь
2018
Калиева Гульсан Кабдырахмановна

Білім негіздері бойынша пән олимпиадасының қалалық, облыстық кезеңінде орыс тілі, әдебиеті пәндері бойынша оқушылары жүлделі орындарға иеленді.
Гульсан Кабдырахмановна «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жүлдегері, 2016-17 оқу жылында КИО олимпиадасының жүлдегері (2 орын). Халықаралық « Implementation of the road map of trilingual education as the main part of modernization of secondary education», Шәкәрім атындағы СМУ-де тұрақты өткізілетін студенттер мен оқушылардың ғ.п.конференцияларында 2015-2017 жылдар аралығында «Система работы по лингвосмысловому анализу учебно-научного текста»,«Формирование интеллектуально-речевых умении в междисциплинарном контексте», ғ.п. конференцияларда баяндамалар жасады. Жумыстары жинақ кітаптарына енгізілді.
Гульсан Кабдрахмановна – әр істе өзіне де, оқушыларына да талап қоя отырып, әр жеткіншектің ана тіліне құрметпен қарауын, іздене отырып дүниетанымын кеңейтуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуын, нәтижелі жұмыс істеу қабілетін дамытуын негізге алатын ұстаз.