Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде жеңіске
11-қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге біздің гимназиядан 6 оқушымыз қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды. Олимпиада нәтижесі республикалық сайтта жарияланды, қорытындысына сәйкес жоғары ұпай жинаған оқушылар олимпиаданың келесі облыстық кезеңге өтіп жолдама алды.