05
сентябрь
2019
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы көп жылғы елеулі еңбегі үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды

Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, әр, мінез деген нәрселермен озады», - деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе?
Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы тамыз мәслихатында білім және ғылым министрі А. Қ.Аймағамбетовтің қолынан білім саласындағы көп жылғы елеулі еңбегі үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. Ұстаз еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!


