Жетістіктеріміз » Страница 19 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жыл таңдауы-2022” жастар сыйлығының жеңімпазы
28
декабрь
2022
“Жыл таңдауы-2022” жастар сыйлығының жеңімпазы
Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы өткізілетін “Жыл таңдауы-2022” жастар сыйлығының жеңімпазы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының музыка пәні мұғалімі Махметова Мадина Құралқызы “Жылдың жас ұстазы” аталымының иегері атанды
ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарының "Үздік педагог" конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның бастауыш мұғалімі Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна жүлделі орынға ие болды.
10
октябрь
2022
ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарының "Үздік педагог"
ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарының "Үздік педагог" конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның бастауыш мұғалімі Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна жүлделі орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.  Сауле Кенжегалиевнаны қалалық конкурста жеткен жетістігімен құттықтап, ұлағатты, өнегелі ұстазымызға алдағы байқауда  сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз!
Мектебіміздің «Үздік педагог» атағының иегерлері облыстық «Semei» телеарнасының «Алдаспан» хабарына қатысты.
04
октябрь
2022
Мектебіміздің «Үздік педагог» атағының иегерлері облыстық «Semei»
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ, мұғалімдер күніне орай жоспарлаған онкүндігінің аясында «Ұстанымы биік ұлағат иесі» айдарына мектебіміздің «Үздік педагог» атағының иегерлері Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы, Дүрмекбаева Жанар Нұрлыбеқызы, Кәленова Гүлайым Серікбайқызы облыстық «Semei» телеарнасының «Алдаспан» хабарына қатысты. Мақсаты: Қоғам алдында ұстаздарға құрмет көрсету, мәртебесін көтеру. Бағдарлама барысында ұстаздарымыз мәртебелі мамандықты
"Елбасы медалі" жобасының иегерлері
05
апрель
2022
"Елбасы медалі" жобасының иегерлері
Жастарды кешенді дамытуға бағытталған «Eлбасы медалі» ұлттық деңгейдегі бағдарламасын «EI itimiti» бастамасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының корпоративтік қоры және «Ұлт Көшбасшысының академиясы» жүзеге асырады.  Жобаның барлық талаптарын орындаған 18 мектептің  49 оқушысына бүгін 16.03.2022 күні  салтанатты рәсімде "Елбасы медалімен"  марапаттады. "Елбасы медалі" жобасы үш деңгейден тұрады: қола, күміс және алтын. Біздің гимназиямыздан 7 үздік  оқушы  қола
"Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі" қалалық сайысының жеңімпазын құттықтаймыз
31
март
2022
"Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі" қалалық сайысының жеңімпазын
2022 жылдың 31 наурыз айында өткен "Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі" қалалық сайысында ІІ дәрежелі орын иеленген "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның" көркем еңбек пәні мұғалімі Джумадилова Сайрамгуль Гимарановнаны құттықтаймыз!💐
Дарынды оқушылардың қатарында Шәкәрім гимназиясының оқушылары да қамтылған.
28
март
2022
Дарынды оқушылардың қатарында Шәкәрім гимназиясының оқушылары да
Кітапта Шығыс Қазақстан облысының 2020-2021 оқу жылы бойынша Республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстардың жүлдегерлері - дарынды оқушылар туралы ақпараттар берілген.  Дарынды оқушылардың қатарында Шәкәрім гимназиясының оқушылары да қамтылған. Атап айтсақ,  Құралбек Ақбота Жеңіс Аружан  Шыңғысбек Әділет  Рахан Олжас Молдаханов Абылайхан  Нұрғазин Арнұр  Мағазбеков Әли Жанатбекұлы Нұрбек шәкірттеріміз баспа бетіне шықты. Сынып жетекшілері мен
"Мектеп аруы -2022" сайысының жеңімпазын құттықтаймыз!
18
март
2022
"Мектеп аруы -2022" сайысының жеңімпазын құттықтаймыз!
18.03.2022 күні "Балалар мен жастардың шығармашылық"сарайының ұйымдастыруымен өткен қалалық "Мектеп аруы -2022" сайысына 9 "Б" сынып оқушысы Кинаятова Амина  қатысып, жүлделі І орынға ие болды.  Жетекшілері: Ж.Есимбекова және А. Шакарова. Сыныптастары мен  ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! 
Республикалық жас  зерттеушілердің  «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз
12
февраль
2022
Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»  дегендей,мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де
Құттықтаймыз!
16
декабрь
2021
Құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстан Республикасы Семей қаласы әкімінің "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна марапатталды. Мектеп ұжымы мен шәкірттеріңіз Сізді шын жүректен құттықтайды. Білім жолында әлі де алатын жетістіктеріңіз бен мараптыңыз көп болсын. Еңбек жолыңызға сәттілік тілейміз.
Құттықтаймыз!
16
декабрь
2021
Құттықтаймыз!
Жемісті педагогикалық қызметі, өңір үшін білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Шынар Султановна Баяхметова қала әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.  Мектеп ұжымы мен шәкірттеріңіз Сізді шын жүректен құттықтайды. Білім жолында әлі де алатын жетістіктеріңіз бен мараптыңыз көп болсын. Еңбек жолыңызға сәттілік тілейміз.