Оқушылар жетістіктері » Страница 13 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ж. Күшікұлы атындағы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша аймақтық олимпиада қорытындысы
25
апрель
2023
Ж. Күшікұлы атындағы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және
2023 жылғы 23-25 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы С. Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен Ж. Күшікұлы атындағы олимпиаданың жалпы білім беретін мекемелердегі 9-11 сынып оқушыларына арналған аймақтық олимпиада гимназимыздың 11 "Ә" сынып оқушысы Аскарбекова Жанель (жетекшісі Зейтова Аяулым Сериковна) жүлделі 3-орынмен марапатталды. 
Бокстан жас өспірімдер арасындағы облыстық жарыстың жүлдегері
24
апрель
2023
Бокстан жас өспірімдер арасындағы облыстық жарыстың жүлдегері
Бокстан жас өспірімдер арасындағы Жарма ауданының 95 жылдығына орай және Жарма ауданының әкімінің жүлдесіне арналған облыстық жарыста гимназияның 7 "Б" сынып оқушысы Қисамов Әділ ІІ орын иеленді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің қорытындысы.
21
апрель
2023
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
2023 жылдың 18-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінде 11 "Ә" сынып оқушысы Ясинова Дильназ құқық негіздері пәні бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетістікке жеткен оқушымызды және дайындаған жетекшісін тарих пәні мұғалімі Жумабекова Гульмира Бектемировнаны құттықтаймыз!  
Аймақтық ХІІІ "Абайды оқы, таңырқа..." сайысынының қорытындысы
17
апрель
2023
Аймақтық ХІІІ "Абайды оқы, таңырқа..." сайысынының қорытындысы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын, жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аймақтық ХІІІ "Абайды оқы, таңырқа..." сайысында жүлделі 1-орынмен гимназиямыздың оқушысы Әзімхан Жібек марапатталды, жеңіске жеткен оқушымызды және дайындаған жетекшісі Жұпар Тілеубекқызын жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикалық тұжырымдама негізінде өткізілген «Шахмат ойнау» челленджінің қорытындысы
12
апрель
2023
Республикалық тұжырымдама негізінде өткізілген «Шахмат ойнау»
Челенджге 1-11 сынып оқушылары қатысып, блиц ойыны 11 тур болды, нәтижесінде гимназиямыздың 10 "Ә" сынып оқушысы Мерали - 1 орын, 8 "В" сынып оқушысы Тұрғазы Алихан - 2 орын, 5 "А" сынып оқушысы Хозыев Әкежан және 10 "Б" сынып оқушысы Нұрасыл Нұржайлау - 3 орын алды.  
ХХІV Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінің қорытындысы
07
апрель
2023
ХХІV Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінің қорытындысы
Байқаудың нәтижесінде гимназиямыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды, атап айтатын болсақ, Сайлаубаева Тоғжан (жетекшісі Габдуллина Гулнур) Абайдың 100 өлеңін жаттап 2-орынмен, Әзімхан Жібек (жетекшісі Толеуконырова Жупар) эссе жазудан 2-орынмен, Қайырбек Даяна (жетекшісі Абенова Динар) Шәкәрімнің 50 өлеңін жаттап 2-орынмен марапатталды.
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытындысы
20
март
2023
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде гимназиямыздың 7"Б" сынып оқушысы Төлеубек Нұркен (жетекшілері:Жундибаева Р. К., Хасенова Н.С.) lll орынмен, Думанұлы Ералы, Ақылжан Абылайхан (жетекшілері: Есімбекова Ж.С., Оспанова А.О.) грамота және сертификатпен, 4 сынып оқушылары Еркинова Диана, Шынгысбек Дильназ (жетекшілері: Есенбаева Ж. Б., Шакенова К.) сертификатпен марапатталды. Конкурсқа қатысып, жетістікке жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз,