Оқушыларға » Страница 3 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Арт-Вин» гимнастика академиясының ашық жеке-командалық чемпионатының жеңімпазы
30
март
2026
«Арт-Вин» гимнастика академиясының ашық жеке-командалық чемпионатының
1 “Ә” сынып оқушысы Сыдықов Даниал 28–29 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Арт-Вин» гимнастика академиясының ашық жеке-командалық чемпионатында керемет нәтиже көрсетті 💪 🥇 Жеке көпсайыс бойынша — І орын 🥈 Командалық сайыс бойынша — ІІ орын Жас спортшымыздың еңбегі мен табандылығының арқасында осындай биік жетістіктерге жетіп отыр 👏 Алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз! 🌟
"Шәкәрім білім гранты"
28
март
2026
"Шәкәрім білім гранты"
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын » орталығы » КМКК, Қазақстан Республикасының және КСРО- ның білім беру ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты , профессор Қинаят Шаяхметұлының туғанына 85 жыл толуына орай жалпы білім беретін орта мектептер мен лицей , гимназилардың 11(12) сынып оқушылары арасында «Шәкәрім білім гранты » жүлдесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиада ұйымдастырды.
ҰБТ-да 135 балл жинады!
26
март
2026
ҰБТ-да 135 балл жинады!
Гимназиямыздың 11 сынып оқушысы Кенжегазина Шырын наурыз ҰБТ-нан жоғары  көрсеткіштердің бірі — 135 балл  жинады.  Шырын қаңтар айындағы ҰБТ-да 113 балл алған. Қысқа уақыт ішінде нәтижесін айтарлықтай жақсартты. Шырынның негізгі мақсаты –ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.
Өнерлі шәкірт - жарқын болашақ
20
март
2026
Өнерлі шәкірт - жарқын болашақ
«SEMEI» телеарнасының «Елге сәлем!» атты ақпаратты-сазды, ойын-сауық бағдарламасының тікелей эфирінде «Өнерлі бала – өрге жүзер» тақырыбында Шәкәрім атындағы көпбейінді №5  гимназиясының ұстазы Айтбаева Лимара Слямхановна мен шәкірті Талғат Амир қонақ болды. 🎤 Тікелей эфир барысында қала жұртшылығын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, 🎶 жас талант Амир өзінің әсем әнімен көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. 🌸 Өнерлі ұрпақ – ел болашағы! Баршаңызды Наурыз мейрамымен
"Жайық келіп Ертіске қосылғанда" атты айтыстың жүлдегері Серікжан Айша
20
март
2026
"Жайық келіп Ертіске қосылғанда" атты айтыстың жүлдегері Серікжан Айша
«Жайық келіп Ертіске қосылғанда» – рухани үндестік пен өнер тоғысқан сәт! Семей төрінде өткен республикалық командалық айтыс – ұлттық өнердің жаңа тынысын ашқан тағылымды дода болды. Бұл жолы Батыс Қазақстан мен Абай облысының сөз шеберлері сахнада кездесіп, айтыстың көркем дәстүрін жалғастырды. 🎤 Абай облысының абыройын асқақтатып, өңірді таныстыру құрметі Серікжан Айшаға бұйырды. Ол өз өнерімен туған жердің рухын, тарихын және мәдениетін терең жеткізе білді. Күй тартысында өнер көрсеткен
VI Халықаралық фестиваль-байқауының Бас жүлде иегері
19
март
2026
VI Халықаралық фестиваль-байқауының Бас жүлде иегері
2026 жылдың 18 наурызында Теміржан Базарбаев атындағы VI Халықаралық фестиваль-байқауында гиназиямыздың 6 «Б» сынып оқушысы Қажимұрат Музаффар жоғары шеберлігімен көзге түсіп, Бас жүлдені иеленді 🎉 Жас өнерпаздың жетістіктері мұнымен шектелмейді. Ақпан айында өткен ХҮІ Ұлттық жастар Дельфий ойындарының республикалық кезеңінде «Алтын медаль» иегері атанып, үлкен жеңіске қол жеткізді 🥇 Алда – жаңа белес! 22–29 наурыз аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Облыстық "Мектеп аруы -2026" байқауы
16
март
2026
Облыстық "Мектеп аруы -2026" байқауы
Облыстық «Мектеп аруы» байқауында мектебіміздің мақтанышы Иванова Дина ерекше өнері мен білімін ұштастыра отырып, «Білімді ару» номинациясын иеленді. Дина — тек сұлулығымен ғана емес, өнерімен, білімге деген құштарлығымен де көпшілікке үлгі бола білген ару. Өнерімен алға шығып, ақыл-парасаты мен таланты арқылы сахнада жарқырай білді. Қолдау білдіріп келген сыныбы мен отбасына шынайы алғысымызды білдіреміз! Жарайсың, Дина! Жетістігің көп болсын, алар асуларың биік болғай! ✨
UniSchool ұйымдастырған халықаралық IQ тестінің жеңімпазы
13
март
2026
UniSchool ұйымдастырған халықаралық IQ тестінің жеңімпазы
Гимназиямыздың 11 «Ә» сынып оқушысы Төлеу Зере UniSchool ұйымдастырған халықаралық IQ тестінде II орын иеленді. Аталған білім сайысы VŠCHT Prague мемлекеттік университетімен (Прага, Чехия) бірлесіп өткізілді. Зерені осы тамаша жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Кәсіби бағдар беру
10
март
2026
Кәсіби бағдар беру
Гимназиямызға 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжінің өкілдері келіп, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді. Шара барысында колледж мамандары өз оқу орындары туралы кеңінен ақпарат беріп, гуманитарлық, заң және техникалық мамандықтардың болашағы мен мүмкіндіктері жайында айтып өтті. Кездесу барысында оқушыларға құқық, ақпараттық технология, бағдарламалау, сондай-ақ техникалық бағыттағы мамандықтардың қазіргі қоғамдағы маңызы
Аймақтық «Асыл мұра» байқауының жүлдегерлері
10
март
2026
Аймақтық «Асыл мұра» байқауының жүлдегерлері
Аймақтық «Асыл мұра» байқауының хореография номинациясында “Бипыл” биін орындап, өнер көрсеткені үшін Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясының 1 «А» сынып оқушыларынан құралған “Бегім-ай” би тобы І дәрежелі дипломант атанды. Хореографы – музыка пәні мұғалімі Мадина Құралқызы.