«Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?» деген такырыпта құқық негіздері пәнінен ашык сабақ өтті
15.04.2022 жылы 9 «Ә» сыныбында «Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?» деген такырыпта құқық негіздері пәнінен ашык сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларды тұтынушының құқықтық жағдайымен таныстыру, нарық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастардың негізгі принциптерін ашу болды. Сыныпты «Өндіруші», «Сатушы», «Тұтынушы» деген топтарға бөле отырып, оқушыларды нарықтың негізгі субъектілерімен таныстырды. Мұғалім осы сабақ арқылы адамның күнделікті өмірінде кездесетін түрлі жағдайларды рөлдік ойындар мен жағдаяттар арқылы көрсете білді. Осы арқылы оқушыларға өз құқықтарын қалай қорғау керек екендігін түсіндіре отырып, өздеріне тұжырым жасатты. «Нарықтың патшасы кім?» екенін анықтау мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қойылып, жас-жеткіншектердің пікірі тыңдалды. Әлеуметтік ғылым терминдерімен жұмыс жасай отырып, тұтынушының негізгі құқықтары анықталды, олардың түсініктері дәптерге жазылды. Мұғалім Конфуцийдің:
«Дұрыс әрі көреген шешім қабылдау үшін, әр адамның үш жолы болады:
Бірінші, ең бекзат жолы – бұл ойлау,
Екінші, ең жеңілі – еліктеу,
Үшінші, ең ащы жолы – өмірлік тәжирибе», - деген сөзімен сабақты қорытындылады. Білімнің өмірде қолданбалылығын ұқтыра отырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға негіз болған өте мазмұнды сабақ болды.
Пән мұғалімі: Жумабекова