Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі! Бүгін мектебімізде ұлттық киім күні ерекше рухпен өтті. Әр сынып өз дәстүрін, өз болмысын киім арқылы паш етіп, ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеді. Осы күні ерекше белсенділік танытып, әдемі үлгі көрсеткен үздік сыныптарымыз: 6 «В» 5 «В» 4 «А» 2 «Б» 2 «Ә» Ұлттық киім – ұлттың жаны, рухтың айнасы.Бұл күн жас ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін дарытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырады.