05
февраль
2019
Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында Кітап мерекесін өткізу туралы ереже

- кітап оқуды насихаттау және балалар шығармашылығымен таныстыру;
- әдебиетке қызығушылықты арттыру және оқырмандардың ой-өрісін кеңейту;
- балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің жүзеге асуына ықпал ету;
- кітапхана, кітап және кітап оқуды насихаттау барысында жаңа ақпараттық технологиямен жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгеру;
- кітап оқуды, кітапхананы пиар-технология көмегімен жарнамалаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
Кітап мерекесі аясында балалардың шығармашылық сайыстары өткізілсін:
«Ұлы дала» атты жас суретшілер сайысы:
талаптар:
- сайысқа қатысушылар 1 – 4 сыныптар;
- суреттер А-3 немесе А-4 көлеміндегі форматта қабылданады;
- қатысуға шынайы немесе қиялдан шыққан суреттер қабылданады (орындау техникасы: кез келген бояу немесе жазу-сызу құралдары);
- орындалған жұмыс 2 см көлеміндегі ақ жиектермен қапталып, суреттің оң жақ төменгі бұрышында қатысушы туралы ақпарат орналассын: аты-жөні, сыныбы.
талаптар:
- сайысқа қатысушылар 6 – 8 сынып оқушылары;
- сынып кітабын жасау барысында кітап құрылымын сақтау керек (мұқаба, титул беті, алғысөз, мазмұны, арнайы рубрикалар);
- сайысқа сынып оқушыларының шығармашылығы толық қамтылу керек (оқушының шығарған өлең-тақрақтары, әңгіме-ертегілері, салған суреттерімен ребустары т.б.)
- кітап көлемі А4 форматында 30 беттен төмен болмауы және шриф көлемі 14 болуы керек.
- жаңашыл ізденіс пен қайталанбас ерекшелік;
- ереже тәртібін сақтау.
- сайысқа дайындық 21 қаңтардан 1 сәуірге дейін;
- сайысқа қатысатын талапкерлердің суреттері сәуірдің 1-не дейін қабылданып сараптан өтеді;
- сайыс қорытындысы 8-12 сәуір күндері өтетін Кітап мерекесінде жарияланады;
- қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;
- жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады;
- жеңімпаздардың жұмыстары мектеп сайтына енгізіледі
Сайысқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және рецензия берілмейді.