02
март
2022
«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс шара

«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» стендінен ұялы телефон арқылы QR коды сканерлеп, мобильді телефонның камерасы арқылы кітапті жылдам танып, оқу арқылы 9 «А» сынып оқушылары Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романын «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы аясында оқыды. «Ұлттық рухани жаңғыру» орталығында 9«А» сынып оқушылармен кітапқа анализ жасау өтті.
Шыңғыс Айтматов – ғасырдан да ұзақ жасайтын кемеңгер жазушы.
Қазақ пен қырғыздың әдеби мұрасын ортақтастырып, қаламының ұшына жан бітіре білген, сырға, мұңға толы шығармаларымен оқырманын бірден баурап алатын заңғарлы жазушы.