Тәрбие » Страница 14 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа жылдық құттықтауы
27
декабрь
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа жылдық құттықтауы
Жаңа жыл қарсаңында біз баршаға сүйікті «Үйде жалғыз» фильмі стилінде мерекелік бейнеролик дайындадық. 🎄 Бұл бейне арқылы сіздерге жылы көңіл-күй, мерекелік атмосфера және жаңа жылдық қуаныш сыйлағымыз келді. Бейнероликтің соңында мектебіміздің барлық оқушыларын және үлкен мектеп ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл жаңа жетістіктерге, жарқын сәттерге, білім жолындағы табыстар мен орындалған армандарға толы болсын! Жаңа жыл құтты
"РАҚМЕТ, САҒАН, ӘЛІППЕ!" атты ертеңгілік
26
декабрь
2025
"РАҚМЕТ, САҒАН, ӘЛІППЕ!" атты ертеңгілік
24 желтоқсанда 1 "В" сынып оқушылары үшін ерекше қуанышты күн болды. Балалар алғаш рет Әліппемен қоштасу салтанатты іс-шарасын өткізді.   Бұл мереке - білім әлеміне қадам басқан оқушыларымыз үшін маңызды сәт болды. Балалар әріптермен танысып, алғаш рет оқу мен жазуды үйренді.  Балалардың табыстарына қуанып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Сынып жетекшісі: Нурбекова Динара Секеновна​https://www.instagram.com/reel/DSuQKr1gFCS/?igsh=ZnRqNmptc3I4N3l3​​​
Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы
26
декабрь
2025
Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы
Ауыспалы кубок – 2025–2026 оқу жылының қорытындысы 🎄 2025–2026 оқу жылы барысында мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы тәртіп сақтау деңгейі, түрлі конкурс пен челлендждерге қатысу, сондай-ақ мектепішілік іс-шаралардағы белсенділік көрсеткіштерін жүйелі түрде сараптады. Нәтижесінде ауыспалы кубоктың үздік иегерлері анықталды: 🔹 1–4 сыныптар арасында: 3 «А» сыныбы 🔹 5–7 сыныптар арасында: 6 «В» сыныбы 🔹 8–11 сыныптар арасында: 9 «Б» сыныбы Аталған сыныптар жоғары тәртіп мәдениетін көрсетіп,
"Заң және тәртіп"
25
декабрь
2025
"Заң және тәртіп"
2025 жылдың 24 желтоқсанында  Абай облысы ПД Семей қаласы Әуезов ПБ ҚҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Б.Е. Ергараева 9-11 сыныптар арасында  «Жол көлік оқиғаларының деңгейін төмендету»,«Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Қауіпсіз жаңа жыл», «Суицид және суицидтің алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс жүргізді.
«Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша «Әлихан Бөкейханов Алаштың жарық жұлдызы» атты зияткерлік- танымдық Quiz ойыны өтті.
25
декабрь
2025
«Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша «Әлихан Бөкейханов
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 9 "А" және 9 "Б" сынып оқушылар арасында «Әлихан Бөкейханов Алаштың жарық жұлдызы» атты зияткерлік- танымдық Quiz ойыны өтті. Мақсаты:   – Қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметін оқушыларға таныстыру;   – Оқушылардың тарихи сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту;   – Оқушылардың логикалық, зияткерлік ойлау қабілеттерін
«Рахмет,саған ,Әліппе» атты ертеңгілік
24
декабрь
2025
«Рахмет,саған ,Әліппе» атты ертеңгілік
1 «Б» сыныбында 24 желтоқсан күні «Рахмет,саған ,Әліппе» атты ертеңгілік өтті.  Бұл мерекелік іс-шара барысында оқушылар өздерінің әріптерді танып, оқи алатын деңгейге жеткендерін көрсетті. Ән айтып, өлең оқып, шағын көріністер қойып, білімге деген құштарлықтарын танытты.  Әліппе – білімнің бастауы, ал бұл күн оқушылардың оқу жолындағы алғашқы үлкен жетістігі болып табылады -,деп оқушылардың алғашқы ұстазы Лимара Слямхановна шәкірттеріне лебіз білдірді.Шара барысында ата-аналар мен ұстаздар
"Жаңа жылдық тарту" атты тәрбие сағаты
23
декабрь
2025
"Жаңа жылдық тарту" атты тәрбие сағаты
5 "Ә" сыныбында «Жаңа жылдық тарту» атты тәрбие сағаты өтті.   Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бірлікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар бір-біріне арнайы дайындаған шағын сыйлықтарын тарту етті.  Бұл сәт балалардың бір-біріне деген сыйластығын, достық пен қамқорлық қарым-қатынасын нығайтты.Сыйлықтар алмасу арқылы оқушылар мерекелік көңіл-күймен қатар, қуаныш пен мейірімділікті бөлісе білді.   Мұндай жылы әсерлі
“Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
23
декабрь
2025
“Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
2025 жылдың 23 желтоқсан күні 1 «Ә» сыныбында «Қош бол, сүйікті Әліппе!» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – оқушылар үшін ерекше әрі қымбат. Себебі балалар алғашқы әріптерін танып, оқуды үйреніп, Әліппемен қоштасты. Шара барысында оқушылар ән айтып, тақпақтарын нақышына келтіріп оқып, ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, өз білімдерін көрсетті. Кішкентай оқушыларымыздың әр жетістігі – үлкен еңбектің нәтижесі.​https://www.instagram.com/reel/DSnYFgzAHiU/?igsh=MWVndzIyM2U3ODAzcg==​​​
“Қош бол, құтты Әліппе!” атты ертеңгілік
23
декабрь
2025
“Қош бол, құтты Әліппе!” атты ертеңгілік
1 ”А” сыныбында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған бұл тағылымды шарада бүлдіршіндер Әліппеден алған білімдерін өлең, ән, көріністер арқылы көрсетті. Ертеңгілік өте әсерлі, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Оқушылар алғашқы оқулығымен қоштасып, білімнің жаңа белесіне қадам басты. Барша оқушыларды алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз! Сынып жетекшісі: Нурахметова Жанар
Қаржылық сауаттылық – табысты болашақтың негізі!
23
декабрь
2025
Қаржылық сауаттылық – табысты болашақтың негізі!
5-8 сынып оқушылары қаржылық сауаттылық тақырыбындағы бейне сабақтармен танысты. Сабақ барысында:        🔖ақшаны дұрыс жоспарлау;                        🔖табыс пен шығынды басқару; 🔖қаржылық мақсат қоюдың маңызы туралы мағлұмат алды. Білімді бүгіннен бастап қалыптастыру – ертеңгі сенімді қадам!