«Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумы
04
ноябрь
2019

«Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумы

2019 жылы 2 қарашада Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ және «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалы мен ШҚО Білім басқармасы «Аймақтық «Шығыс» орталығы»КММ ұйымдастыруымен «Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумы өтті.Форумның мақсаты-жаңартылған білім беру мазмұнын әдістемелік қолдау аясында Жетекші мектептердің желілік қызметін кеңінен тарату және белсендіру.
Форум жұмысының бағыттары:
•    Жетекші мектеп жұмыстарының ұйымдастыру аспектілерін талқылау;
•    Жаңартылған білім беру мазмұнын әдістемелік қолдауды ұйымдастыру бойынша үздік жетекші мектеп жұмысын таныстыру және талқылау;
•    Қызығушылық танытқан ұйымдармен Жетекші мектептердің ынтымақтастық мәселелерін талқылау (ПШО, НЗМ, ӘО, ЖОО, ОББ, қоғамдық құрылымдар)Форумға келесі алаң жұмыстары қосылған:
•    Эксперттік алаң (шақырылған спикерлердің сөз сөйлеуі - білім саласындағы эксперттер, психологтар, маркетингтер); 
•    Инновациялық тәжірибе салоны ( инновациялық алаң құрылымында жетекші мектеп командаларының жұмыс тәжірибесімен таныстыру) 
•    тәжірибе алмасу алаңы (конференция емес құрылымда эксперттер, қатысушылар жұмысы)
•    Market Place (жетекші мектептердің тәжірибесін постермен таныстыру) «Жетекші мектептің жұмыс жоспарын қалай құру керек», «Google құжаттарымен жұмыс» атты жетекші мектептердің үйлестірушілеріне арналған шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды.
 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия өз жұмысын инновациялық тәжірибе салоны аясында жетекші және серіктес мектептері арасындағы кәсіби қоғамдастық тәжірибесімен «Жетекші мектеп-білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында магнитті мектептермен ынтымақтастағы жұмысы» тақырыбында ой бөлісті. Гимназия жетекші мектеп ретінде атқарылған жұмыстары жоғары бағаланып, дипломмен марапатталды. Мектеп тәжірибесін 2020 жылы өтетін Халықаралық форумда таратуға ұсынды.