«Үздік педагог -2019» республикалық сайысының жеңімпазы Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызының іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында «Мектеп –тәжірибе алаңы » атты облыстық семинар өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік педагог -2019» республикалық сайысының жеңімпазы Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызының іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында «Мектеп –тәжірибе алаңы » атты облыстық семинар өтті.
04
ноябрь
2019

«Үздік педагог -2019» республикалық сайысының жеңімпазы Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызының іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында «Мектеп –тәжірибе алаңы » атты облыстық семинар өтті.

2019 жылдың 1 қарашасы күні Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияда   Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен  «Шығыс » өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік педагог -2019» республикалық сайысының жеңімпазы Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызының іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында  «Мектеп –тәжірибе алаңы » атты  облыстық семинар өтті. Семинарға  қалалық  білім бөлімінің методисі Г.А.Молдаханова қатысты. Облыстың әр ауданынан,қала мектептерінен келген ұстаздарды 3-сынып оқушылары мектеп тарихын таныстырумен қарсы алды. Семинарға қатысушыларды  мектептің әдістемелік жұмыстарымен, жетістіктерімен мектеп директорының ғылымыи-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Б.Такеева таныстырды.Жағымды псхологиялық тренингпен басталған семинар «Мұғалім –мәңгі нұрдың қызметшісі»   айдарымен 2019 жылдың үздік педагогы  Нұргүл Құлжағазықызының әдістемелік іс-тәжірибесімен танысудан басталды. «Кәсібіи шеберлік –құзырет шыңы » тақырыбындағы шебер-сынып барысында    Н.Қ. Мұқанова кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, жетістікке қалай жету жолдары туралы ой бөлісті. Семинар барысында еркін ой-пікір бөлісу,топтық жұмыс, бейнематериалдар арқылы ой-толғау жұмыстары қамтылды. Семинар соңында рефлексия жасалып, қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру», «Робототехника», «Интеллектум», «Тілдер орталығы» және  «Жантану » орталықтарының жұмыстарымен танысып, мектептің оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмысымен танысты. Үйретері мол семинардан әр ұстаз өзіне тың идеялар алып кетті