“Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” атты кездесу өткізілді
17.02.2025ж. күні Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай абайтану мәселелеріне байланысты “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” атты кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Абайдың шығармашылық мұрасын жаңаша талдау, оның адамзатқа қалдырған өсиеттерін ұғыну, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын тереңірек таныту, оның рухани мұрасының маңыздылығын талқылау, абайтанушылардың зерттеулеріне назар аудару. Кездесу